1985 жылы Омбы мемлекеттік университетінің физика факультеті «Физика» мамандығы бойынша оқуымды тамамдадым. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 1989 жылдан бері қызмет етіп келемін, ғылыми-педагогикалық өтілім 40 жыл. Қазақ және орыс бөлімдері студенттеріне келесі пәндер бойынша «Механика», «Стандарттау», «Сертификаттау», «Деректер қоры және сараптамалық жүйелер», «Өнім мен процестердің сапасын арттырудың статистикалық әдістері» сабақ жүргіземін. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 80 жыл» мерейтойлық медалі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан Республикасының стандарттау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасының білім бері жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін алғыс» марапаттарым бар. Университеттің, факультеттің және кафедраның қоғамдық өміріне белсене қатысамын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподақ ұйымының мүшесі, «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы студенттік топтардың аға куратор-эдвайзері, 2 курс топтардың куратор-эдвайзері, үздік куратор-эдвайзер-2015. 2011 жылдың тамыз айынан бастап кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарамын
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Мемл.унив. |
Жоғары |
1985 |
10
құжаттар
5